Ақтөбе облысында 2024 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы № 248 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысында 2024 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік баскармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

  Қаулысына қосымша

Ақтөбе облысында 2024 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауарлар атауы

Шекті мән (теңге)


Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

222


Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

233

3

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

394

4

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

566

5

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм

320

6

Күнбағыс майы, литр

645

7

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм

4282

8

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

2933

9

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм

1828

10

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, литр

435

11

Айран, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, литр

457

12

Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм

2091

13

Картоп, килограмм

208

14

Асханалық сәбіз, килограмм

318

15

Басты пияз, килограмм

180

16

Ақ қауданды қырыққабат, килограмм

211

17

Ақ қант - құмшекер, килограмм

526

18

Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана

537

19

Ac тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм

67


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады