Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 285 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 14 қазандағы № 285
қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге)

ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

1

Бакалавр
6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

6

1 139 200

1 008 100

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

1

1 139 200

1 008 100

2

Бакалавр
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

8

1 209 300

1 055 900

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

6

1 209 300

1 055 900

3

Бакалавр
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

6B032 Журналистика және ақпарат

2

905 800

803 900

 
4

Резидентура
7R09 Денсаулық сақтау (медицина)

7R09 Денсаулық сақтау

50

1 939 900

1 398 900


Барлығы:


73

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады