Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 05.06.2024 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 02-08-03/21 ұсынысы негізінде Көлтабан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының Астана көшесі, Ардагерлер көшесі, Майтүбек көшесі, Желтоқсан көшесі, Ұстаздар көшесі, Бейбітшілік көшесі, Ж. Есенбаев көшесі, 1- Мамыр көшесі, Наурыз көшесі, Ынтымақ көшесі, Қ. Боқанов көшесі, Болатжолы көшесіндегі тұрғындардың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Келдібаев |