Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 20.03.2024 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 02-08-03/20 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Қ.Жазықов көшесі № 76 үйдің тұрғыны Есқали Нұрғизаттың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі | А. Ергалиев |