Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мартөк ауданы әкімдігің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 99 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. "Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі М. Искаков

  Мәртөк ауданы әкімдігінің
20__ жылғы "___" ______
№ ___ қаулысына қосымша

Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебіне нұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы " қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1 бабы 1 тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

      3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.

      4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.

2 - тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар белгілеу шарттары

      5. Ынталандырушы үстеме ақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзгетүрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымшаақылар, үстемеақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстемеақылар және т. б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      8. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.

      9. Ынталандырушы үстеме ақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      10. Жергілікті бюджет бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.

      11. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылардың мөлшерін белгілейді.

3 - тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі

      12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстеме ақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Мәртөк ауданының мәслихатына жібереді.

      14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстеме ақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.

      15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы тәртіптік жазаның қолданылу кезеңінде өз қызметкерлеріне еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда ынталандырушы үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады.

      16. Ынталандырушы үстемеақылар Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық жастарресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, есепшісіне, заңгерге, кеңесшілерге төленеді.

      17. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады