Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес "Сапа Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты – оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін, Мұғалжар ауданы аумағынан жалпы алаңы 26,4 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Д. Ермағанбетов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 375 қаулысына қосымша |
"Сапа Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің экспликациясы
№ | Жер санаты және жер пайдаланушылар атауы | Кадастрлық нөмері | Нысан атауы | Жалпы көлемі, гектар | Ұзындығы, метр |
1 | Жұрын ауылдық округі, Жұрын ауылы | - | Қауымдық сервитут | 2,3068 | 7795 |
2 | Жұбанов ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылы | - | Қауымдық сервитут | 3,4705 | 11485 |
3 | Жұбанов ауылдық округі, Қаракөл ауылы | - | Қауымдық сервитут | 4,1884 | 14259 |
4 | Ащысай ауылдық округі, Ащысай ауылы | - | Қауымдық сервитут | 4,2266 | 14337 |
5 | Ащысай ауылдық округі, Сабындыкөл ауылы | - | Қауымдық сервитут | 0,7961 | 2709 |
6 | Ащысай ауылдық округі, Ақсу ауылы | - | Қауымдық сервитут | 1,5338 | 5274 |
7 | Босалқы жер | - | Қауымдық сервитут | 1,2901 | 3771,4 |
8 | "Ислам" шаруа қожалығы | 02-027-004-103 | Қауымдық сервитут | 2,0672 | 7036 |
9 | "Құлагер-Б" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 02-027-025-122 | Қауымдық сервитут | 2,4717 | 8479 |
10 | Ермагамбетов Камал Курмангалиевич | 02-027-025-130 | Қауымдық сервитут | 0,1712 | 1268 |
11 | "Айбол" шаруа қожалығы | 02-027-025-102 | Қауымдық сервитут | 0,1563 | 534 |
12 | Шагиров Жомарт Ахметович | 02-027-025-021 | Қауымдық сервитут | 0,6101 | 2073 |
13 | Шагиров Жомарт Ахметович | 02-027-025-079 | Қауымдық сервитут | 0,3546 | 1209 |
14 | "Дастан-1" шаруа қожалығы | 02-027-025-076 | Қауымдық сервитут | 0,7686 | 2619 |
15 | Отарбаев Бекет Амангосович, Бисембина Марина Бежаевна | 02-027-025-034 | Қауымдық сервитут | 0,9608 | 3272 |
16 | Конаков Максат Култасович | 02-027-003-271 | Қауымдық сервитут | 0,0048 | 10 |
17 | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ | 02-027-003-253 | Қауымдық сервитут | 0,171 | 52 |
Барлығы | 26,4 | 89608,4 |