"ERG Exploration" ЖШС-не жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 59 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, 71-1 бабының 2-тармағына және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 2332-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы аумағынан, жалпы көлемі 10349,1104 га жер учаскесінде жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылдың желтоқсан айының 28-на дейін, жария сервитут белгіленсін.

      2. "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Исембайұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 27 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Н. Тлеумұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады