"Award Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 60 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, 71-1 бабының 2-тармағына және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылғы 16 маусымдағы №2043-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, "Award Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылдық округі аумағынан "Award Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 20,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 19 маусымына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Исембайұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 27 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Н. Тлеумұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады