Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылы аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Казақтелеком" акционерлік қоғамына телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0115 га жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут 12 (он екі) жыл белгіленсін.

      2. Қазақтелеком" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланған кейін осы шешімді Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімі К. Пстебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады