Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы " Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 14 тамыздағы Іле ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырыстың № 6 хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан 1 ғимаратының астындағы кәріз және су құбырларының серпіліп бұзылуына байланысты, объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. А.Әуесбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады