Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Кеген ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Лауазымы | Аты-жөні |
Кеген аудандық маслихатының 2024 жылғы " "_____ № шешіміне № 1 қосымша |
Алматы облысы Кеген ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жинақталудың есептік нормалары, м3/жыл |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,60 |
2 | Жатақханалар, интернаттар. | 1 орын | 0,64 |
3 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,83 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,54 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,83 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,02 |
7 | Ауруханалар өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,59 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,34 |
10 | Концерт залдары | 1 орын | 0,26 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
13 | Спорт, және би залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,86 |
15 | Көліктегі сауда | Сауда орны 1 м2 | 0,86 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,61 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,51 |
21 | Автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,62 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 5,84 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,64 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,01 |
27 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
28 | Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмы сорны | 0,24 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,48 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,23 |
Кеген аудандық маслихатының 2024 жылғы " "_______ № шешіміне № 2 қосымша |
Кеген ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Бағасы теңгемен (айына) |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару тарифі | ||
1.1 | жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға | 170 |
1.2 | заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 текше метр | 1275 |
2 | қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифі | ||
2.1 | заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 тонна | 3823 |