Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 92 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа және ресми жариялануға тиіс

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық-есептік орталық" акционерлік қоғамы этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруде осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып белгіленсін.

      2. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 763 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады