ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 2024 жылғы 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және "Астана" халықаралық қаржы орталығының 2017 жылғы АХҚО актілері туралы" Актісінің 35-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 578 және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Басқарушысының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 208 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде №183481 реттік санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2024 жылғы 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы | |
"___" ________ 2024 жыл | _______Р. Бектұров |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі "___" | |
________ 2024 жыл | ________ М. Такиев |