Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 578 және "Астана" халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 208 бірлескен бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 170 және "Астана" халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 217 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 29.03.2024 № 170 және "Астана" халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының 29.03.2024 № 217 (15.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі (Салық кодексі) 227-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың техникалық орындалуын қамтамасыз етеді.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың атқарылуын бақылауға алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшысына жүктеледі.

      6. Осы бірлескен бұйрық тараптармен қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Астана" халықаралық қаржы
орталығының басқарушысы
"___" ________ 2023 жыл
___________Р. Бектұров

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрі"___" ________ 2023 жыл___________Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2023 жылғы "__" _____
№___ және
"Астана" халықаралық
қаржы орталығының
басқарушысының
2023 жылғы "___" ______
№____ бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 227-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;

      цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;

      цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Цифрлық активтердің құнын айқындау тәртібі

      3. Цифрлық активтердің құны цифрлық майнинг пулының, осындай цифрлық активтерден алынған цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кірісін айқындау мақсатында кіріс алынған күнге осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ цифрлық активтер туралы өзге ақпаратты беретін тұлғалармен жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялайды.

      Мұндай Шарт болмаған жағдайда Комитет күн сайын CoinMarketCap (coinmarketcup.com) ашық дереккөзінің деректері бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құнын тәулік (24 сағат) ішінде цифрлық активтердің нарықтың капиталдандыру деректері мен цифрлық активтер айналымының көлемі туралы деректерге сүйене отырып айқындайды.

      Цифрлық активтердің құны мына формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      Р – тәуліктегі (24 сағат) цифрлық активтердің құны;

      Mcap – Америка Құрама Штаттарының долларындағы цифрлық активтердің нарықтағы капитализациясы;

      V – тәулікте (24 сағат) цифрлық активтердің сауда-саттық көлемі;

      К – кіріс алынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы.

      5. Цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында алынған цифрлық активтердің құны кіріс алынған сәттегі цифрлық активтердің қолданылатын құны бойынша айқындалады.

      6. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына қайта есептеледі.

3-тарау. Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін жариялау тәртібі

      7. Комитет ай сайын деректер жарияланған айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды.

      8. Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Litecoin (LTC), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтердің құны жариялануға жатады.

      Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде толықтырылады.

      Комитет цифрлық активтердің құнын жариялауды майнинг пулының өтініші негізінде, осындай өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады