Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 216 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерту және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 02 ерекшелікпен толықтырылсын:

      "02 Қазақстан Республикасының қосымша, үстеме және жеке бажды бөлу кезіндегі үлесі";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтері" функционалдық тобында:

      3 "Сыртқы саяси қызмет" функционалдық кіші тобында:

      627 "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      3 "Сот қызметi" функционалдық кіші тобында:

      501 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Сот жүйесі органдарының күрделі шығыстары";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:

      501 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      017 "Сот кадрларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 094 бюджеттік бағдарламасы және 015, 028 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 491 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "491 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй қатынастары бөлімі

      094 Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасының орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі атауы өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      472 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      4 "Балық шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      742 "Облыстың балық шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "006 Жануарлар дүниесін қорғау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерту мен толықтыру енгізілсін:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының қосымша, үстеме және жеке бажды бөлу кезіндегі үлесі

2

06

1

02

100









      ";

      мына:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

2

06

1

08

Республикалық бюджетке түсетін қайырымдылық түсімдер (қайырымдылық жасаушы тұлғаның қалауына байланысты); республикалық бюджеттің қаражаттарын мақсатсыз пайдалану; ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық қорытындысы бойынша республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік кепілдік бергені үшін төлемақы; "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес енгізілген депутаттыққа кандидаттың сайлау жарнасы; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша соттар шешімдерімен мемлекеттің материалдық зиянын өтеуге жауаптылардан алынған сомалар; бұрындары республикалық бюджетке түскен салықтық емес түсімдердің жойылған түрлері бойынша түсімдер; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің шоттарын жабу кезіндегі қаражат қалдықтары; осы сомалар ағымдағы есепшотында сақталған мемлекеттік мекеменің өкімі бойынша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмеген депозиттік сомалар; заңды және жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен заңсыз алынған қаражатты қайтаруы, Қазақстан Республикасының қосымша және үстеме баждарды бөлу кезіндегі үлесі









      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

2

06

1

08

Республикалық бюджетке түсетін қайырымдылық түсімдер (қайырымдылық жасаушы тұлғаның қалауына байланысты); республикалық бюджеттің қаражаттарын мақсатсыз пайдалану; ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық қорытындысы бойынша республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік мекемелерде анықталған өтелген зиян сомалары; мемлекеттік кепілдік бергені үшін төлемақы; "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес енгізілген депутаттыққа кандидаттың сайлау жарнасы; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша соттар шешімдерімен мемлекеттің материалдық зиянын өтеуге жауаптылардан алынған сомалар; бұрындары республикалық бюджетке түскен салықтық емес түсімдердің жойылған түрлері бойынша түсімдер; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің шоттарын жабу кезіндегі қаражат қалдықтары; осы сомалар ағымдағы есепшотында сақталған мемлекеттік мекеменің өкімі бойынша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмеген депозиттік сомалар; заңды және жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен заңсыз алынған қаражатты қайтаруы









      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады