БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) түсімдерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, арнаулы мемлекеттік қорына және ЕАЭО мүше мемлекеттерге бюджеттерінің бөлу нормативтерін ҚБАЖ-да жүргізу;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасында бөлу, кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алу;";
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"53) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігіне ағымдағы бақылау;";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
"43-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.";
мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-тармақтармен толықтырылсын:
"62-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.
62-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.";
мынадай мазмұндағы 201-1-тармақпен толықтырылсын:
"201-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.";
208-тармақ алынып тасталсын;
209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"209. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Тәкиев |