Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Тәкиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 2 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары


р/с

Мемлекеттік кірістер органдарының атауы

Қызмет аймағы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Абай облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

2.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

3.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

4.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062: 653 жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

5.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Атырау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

6.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

7.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

8.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

9.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

10.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

11.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

12.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының, сондай-ақ "Байқоңыр" қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

13.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

14.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

15.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

16.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

17.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Ұлытау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

18.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

19.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы қаласының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653 жер учаскелері әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

20.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады