"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызметін көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызметін көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы сәйкес, цифрлық теңгені пайдалана отырып, қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтаруды жаңғырту және жетілдіру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) электрондық ақша (цифрлық теңге) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҰБ) шығарған, Цифрлық теңге жүйесінде электрондық нысанда сақталатын, Цифрлық теңге жүйесінде (бұдан әрі – цифрлық теңге) төлем құралы ретінде қабылданатын электрондық ақша;
2) ҚР ҚМ ҚК цифрлық шоты – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған цифрлық теңгені есепке алу үшін Цифрлық теңге жүйесіндегі позициясы;
3) таңбалау – эмиссияланатын Цифрлық теңгені қамтамасыз ету ретінде әрекет ететін қаражат иесінің не қаражатты пайдалануға жауапты адамның өкіміне сәйкес Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық теңгені айналымға енгізу /пайдалану қағидаларын, шарттары мен өлшемшарттарын белгілей отырып, цифрлық теңгені бағдарламалау процесі;
4) цифрлық шот – салық төлеушінің ҰБ шығарған электрондық ақшаны (цифрлық теңге) есепке алу үшін Цифрлық теңге жүйесіндегі позициясы;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) цифрлық шоты – ҚР ҚМ МКК-нің пилот шеңберінде салық міндеттемелері бойынша салық төлеушілерден бюджетке аударымдар алу үшін пайдаланылатын ҰБ шығарған цифрлық теңгені есепке алу үшін Цифрлық теңге жүйесіндегі позициясы;
6) Цифрлық теңге жүйесінің операторы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰТК" АҚ);
7) Электрондық ақша жүйесі (бұдан әрі – Цифрлық теңге жүйесі) – ҰБ шығарған электрондық ақшаны (цифрлық теңгені) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы.
2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
3. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) МКК;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органдары – көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органдары);
3) ҚҚС төлеушілер – пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын көрсетілетін қызметті алушылар (бұдан әрі – салық төлеушілер-пилоттық жобаға қатысушылар):
осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген;
осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың тікелей өнім берушілері, сондай-ақ есепті кезеңнің қорытындысы бойынша бюджетке ҚҚС төлеу және (немесе) импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемелері бар кейінгі деңгейдегі өнім берушілер;
4) ҰБ;
5) "ҰТК" АҚ;
6) пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – ҚК);
8) есепке алу бухгалтерлік жүйелерді әзірлеумен айналысатын және пилоттық жобаға ерікті түрде қатысатын заңды тұлғалар.
3-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
4. Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде:
1) ҰБ ЕДБ және ҚК өтінімдері бойынша қалыптастырылған "ҰТК" АҚ-ның цифрлық теңгені және төлем хабарламаларын эмиссиялауға/өтеуге арналған "ҰТК" АҚ-ның тиісті өтініштері/тізілімі негізінде цифрлық теңгені эмиссиялауды және өтеуді жүзеге асырады;
2) "ҰТК" АҚ:
"ҰТК" АҚ Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы шешімімен (№ 1 хаттама) бекітілген Цифрлық теңге жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Цифрлық теңге жүйесінің Операторы функциясын орындау шеңберінде Цифрлық теңге жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
пилоттық жобаға қатысатын ЕДБ-ға және ҚК-ға Цифрлық теңге жүйесімен өзара іс-қимылға қатысты түсіндірмелер береді;
3) салық төлеуші-пилоттық жобаға қатысушы:
ЕДБ арқылы Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық шот ашады;
цифрлық теңгені пайдалана отырып, өнім берушілермен есеп айырысуды жүргізеді;
цифрлық теңгені пайдалана отырып, бюджетке ҚҚС төлеу бойынша міндеттемелерді орындайды;
ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты ұсынады;
4) ЕДБ:
пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушінің Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық шотын ашады;
Цифрлық теңге жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Цифрлық теңге жүйесінің Операторына сұрау салу жолдау арқылы Цифрлық теңге жүйесінде пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушінің цифрлық шотын пайдалана отырып, цифрлық теңгеде қабылдауды, аударымдарды және төлемдерді жүзеге асырады; ҚҚС бойынша салық міндеттемелері бойынша клиенттен бюджетке цифрлық теңгеде аударымдарды жүзеге асырады;
пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілер мен бюджетке төленетін төлемдер арасындағы транзакцияны жүргізеді, қол қояды және валидациялауды жүзеге асырады;
цифрлық теңгені таңбалайды;
клиенттің қолтаңбасын тексереді;
цифрлық теңге транзакциясының тарихын сақтайды;
5) ҚК пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілердің ҚҚС бойынша бюджетке төлемдерін қамтамасыз ету үшін Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық шот ашуға өтінім негізінде МКК цифрлық шотын ашады;
6) мемлекеттік кірістер органдары:
осы пилоттық жобаны жүргізуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер береді;
пилоттық жобаны іске асыруға байланысты мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен Цифрлық теңге жүйесіне мәліметтерді береді;
пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілер арасында жүргізілген төлемдер мен олардың Цифрлық теңге жүйесінен алынған бюджетке төленетін төлемдерінің деректерін өңдейді;
пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ҚҚС асып кету сомасын қайтаруды растайды және жүзеге асырады.
4-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдері
5. Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рәсімге сәйкес ЕДБ-ның Цифрлық теңге жүйесінде пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушіге цифрлық шот ашуы және цифрлық теңгемен төлемді растауы салық төлеушінің осы пилоттық жобаға қатысуына келісуі болып табылады.
Бұл ретте пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында қағаз жеткізгіште осы Қағидалардың 3-тармағы 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген пилоттық жобаға қатысушылардың арасында осы пилоттық жоба шеңберінде пайдаланылатын деректерді (мәліметтерді) беруге (алмасуға) келісімге қол қойылады.
6. Салық төлеуші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рәсімге сәйкес цифрлық теңгеде төлемді растау сәтінен бастап пилоттық жобаның қатысушысы болады.
7. Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық шотты толықтыру үшін ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты есебінен цифрлық теңгені сатып алады.
Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілер арасында сатып алынған тауарлар бойынша есеп айырысулар Цифрлық теңге жүйесінде цифрлық шоттарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
8. Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші өзінің цифрлық шотынан тауарларды өнім берушінің цифрлық шотына ақша аудару үшін төлем құжатында тиісті ЭШФ тіркеу нөмірін көрсетеді. Бұл ретте пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші бухгалтерлік жүйеде немесе ЕДБ қашықтықтан банктік қызмет көрсету арналарының интерфейстері арқылы төлем құжаттарын автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетілген төлемді жүргізу кезінде, оларды:
105101, 105102, 105104, 105115 бюджеттік сыныптама кодына (бұдан әрі – БСК) бюджетке ҚҚС төлеуге;
басқа ҚҚС төлеушіге ЭШФ-мен байланыстыра отырып, төлемде ҚҚС төлеуге жұмсауға шектеу белгілейтін төлемнің бір бөлігіне (ЭШФ-дағы ҚҚС сомасына) цифрлық теңгені таңбалау жүргізіледі.
Өзінің цифрлық шотынан бюджетке 105102 БСК-ге ақша аудару үшін пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші төлем құжатында тауарларға арналған декларацияның нөмірін, 105104 БСК-ге – ЭШФ тіркеу нөмірін, 105115 БСК-ге – импортқа арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттың тіркеу нөмірін немесе тауарларды әкелу туралы өтініштің нөмірі мен күнін көрсетеді.
Бюджетке ҚҚС аудару ЕДБ клиентінің өкімі бойынша МКК цифрлық шотына жүзеге асырылады.
МКК МКК-нің цифрлық шотынан ҚК-нің цифрлық шотына цифрлық теңгеде ҚҚС сомасын аударады.
ҚК Цифрлық теңге жүйесінде МКК-нің цифрлық шотынан аударылған сомаға тең сомада цифрлық теңгені өтеуге сұрау салу жолдайды.
ҰБ "ҰТК" АҚ-дан цифрлық ақшаны өтеу үшін тиісті тізілімді және ҚК-нің сұрау салуы негізінде қалыптастырылған төлем хабарламасын алғаннан кейін Бірыңғай қазынашылық шотқа өтелген цифрлық теңге сомасын аудару жолымен цифрлық теңгені өтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ "ҰТК"АҚ-ға шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер шоты бойынша үзінді көшірмені береді.
Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушінің ЭШФ-ға байланысты төлемді растауы пилоттық жобада цифрлық теңгені таңбалауға келісімі болып табылады.
9. Цифрлық теңге жүйесі пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушінің төлем құжатын алған кезде оның төлемді тиісті ЭШФ-ға байланыстырудың дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады.
Тексеруден өтудің оң нәтижесі болған жағдайда "Төлем құжаты расталды" мәртебесі бар хабарлама-жауап қалыптастырылады және ЕДБ-ға жолданады.
Тексеруден өтудің теріс нәтижесі болған жағдайда "Төлем құжаты расталмады" мәртебесі бар хабарлама-жауап қалыптастырылады және ЕДБ-ға жолданады.
10. ЕДБ төлем құжатын алады және оны пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушінің цифрлық шотынан пилоттық жобаға қатысушы тауарлардың өнім берушісі салық төлеушісінің цифрлық шотына цифрлық теңгені аудару арқылы орындайды.
"Төлем құжаты расталмады" мәртебесі болған жағдайда осы мәртебе бойынша пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушіге хабарлама жолданады.
11. Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші өз қалауы бойынша таңбаланбаған цифрлық теңгені ЕДБ-дегі өзінің ағымдағы шотына айырбастайды.
5-тарау. ҚҚС асып кету сомасын қайтару тәртібі
12. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ҚҚС асып кету сомасын қайтаруға мынадай:
1) экспортталатын тауарларды өндірушілерді қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізетін;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне жанармай құю үшін жанар-жағармай материалдарын өткізетін пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілердің құқығы бар.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) МКК ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
14. ҚҚС-ның асып кету сомасын қайтару Салық кодексінің 48 және 49-тарауларына сәйкес ҚҚС асып кету сомасын салықтық тексеру жүргізілмей қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшасына сәйкес ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кету сомасын қайтару ұзарту кезеңін ескере отырып жүргізіледі.
15. ҚҚС асып кету сомасын қайтару осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілерге олардың тікелей өнім берушілерінен сатып алынған (алынған) тауарлар бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы, Цифрлық теңге жүйесіндегі цифрлық шоттарды пайдалана отырып жүргізілген және нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған, сондай-ақ тікелей өнім берушілердің ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі салық міндеттемелерін орындау шарты кезінде ҚҚС сомасын есептеу бөлігінде жүзеге асырылады.
16. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау мемлекеттік кірістер органдары мен ҰБ ақпараттық жүйелерінде бар деректер негізінде жүргізіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС-ның асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, онда қайтаруға ҚҚС-ның расталған сомасы және расталмаған ҚҚС сомасының қалдығы көрсетіледі.
Қорытынды екі данада жасалады және оған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушіге ол жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі, ол Қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.
Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушы салық төлеуші келмеген жағдайда, Қорытындының бір данасы оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жолданады.
Бұл ретте ҚҚС асып кету сомасын қайтару Салық кодексінің 104-бабына сәйкес пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушіге оның ұлттық валюта – теңгедегі банк шотына цифрлық теңге жүйесін пайдаланбай ақша аударымдарының Банкаралық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушіге ҚҚС асып кету сомасының анықтығы расталмаған жағдайда, ҚҚС асып кетуін қайтару құқығының жоқтығы туралы және олардың Салық кодексінің 429, 431 және 432-баптарында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хат жолданады.
Осы Қағидаларда көзделген Қорытынды шағымдануға жатпайды.
17. ҚҚС асып кету соманы қайтару кезінде:
1) қолда бар салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
2) салық берешегі болмаған кезде салықтар мен басқа да төлемдер бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
3) салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банктік шотына ҚҚС асып кетуінің қалған сомасын қайтару "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
18. Салық кодексінің 429 және 431-баптарында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданған кезде цифрлық шотты пайдаланған, сатып алынған тауарлар бойынша қалыптасқан ҚҚС сомасын есептеу үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып жүргізілген бөлігінде ғана тікелей өнім берушілерге қатысты "Пирамида" талдамалық есебі қалыптастырылмайды.
19. Осы тараудың ережелері Салық кодексінің 434-бабына сәйкес пилоттық жобаға қатысушы салық төлеушілерге ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.
6-тарау. Қорытынды ережелер
20. Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелерді Пилоттық жоба мәселелері жөніндегі жұмыс тобы қарайды, оның қызметін ұйымдастыру мен тәртібін МКК бекітеді.
Жұмыс тобы отырысының нәтижелері пилоттық жобаның мүдделі қатысушылары үшін міндетті хаттамамен ресімделеді.
"Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне қосымша нысан |
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды
20 __ жылғы "___"__________ №______
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына және "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) атауы)
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
20 ___ жылғы "__" _______ дан 20 __ жылғы "__" ______ дейінгі салық кезеңі үшін Пилоттық жоба шеңберінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомасының анықтығын растау мәселелері бойынша камералдық бақылау жүргізді:
1. Салық төлеуші туралы мәліметтер:____________________________________
____________________________________________________________________
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы/дара кәсіпкерді тіркеу туралы:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
2) ұйымдық-құқықтық нысан: ____________________________________
3) меншік түрі: _________________________________________________
4) есепке алынған: _________________________ МКО коды: __________
5) салық төлеушінің куәлігі ______________________________________
6) ҚҚС бойынша есепке алынған: _________________________________
7) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлік: _________________________
8) ҚҚС бойынша есепке алу күні: 20 ____жылғы "___" _______________
9) салық төлеушінің мекенжайы (заңды):____________________________
_______________________________________________________________
10) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне (ЭҚЖЖ) сәйкес қызметтің негізгі (іс жүзіндегі) түрі: __________
_______________________________________________________________
11) банктік шоттар туралы мәліметтер: _____________________________
_______________________________________________________________
Осы камералдық бақылауда мыналар анықталды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2. Қайтаруға расталған ҚҚС асып кеткен сомасы: _____________ теңге.
___________________________ __________ ______________________
Мемлекеттік (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты кірістер органының жауапты
(ол болған жағдайда)) басқармасы (бөлім) қызметкерінің лауазымы
____________________________ __________ ______________________
Мемлекеттік кірістер (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты органының жауапты
(ол болған жағдайда)) басқармасының басшысы
Қорытындыны алдым:___________________________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы және күні)
Қорытынды салық төлеушіге жіберілді: ____________________________
_______________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)