ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 08.10.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
038 "Спорт саласында дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"101 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:
107 "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 100 және 112 кіші бағдарламалары бар 002 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"002 Сот кадрларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
100 Сот кадрларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етуі
112 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары";
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 133, 137 және 138 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"133 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
137 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
138 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
5 "Медициналық көмектiң басқа түрлерi" функционалдық кіші тобында:
353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
029 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың арнайы медициналық жабдықтау базалары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 118 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"118 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"102 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері";
9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"111 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |