БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
137 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" және 138 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламаларының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"137 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
138 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
5 "Медициналық көмектiң басқа түрлерi" функционалдық кіші тобында:
353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
029 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың арнайы медициналық жабдықтау базалары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
011 "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен" және 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік кіші бағдарламалары алынып тасталсын;
06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
118 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"118 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
102 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"102 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері";
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
1 "Өнеркәсiп" функционалдық кіші тобында:
229 "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
036 "Өңдеуші өнеркәсіптің ірі жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ға кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілдегі мәтін өзгермейді;
2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 005, 012 және 032 бюджеттік бағдарламалары және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 365 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"365 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет және қала құрылысы басқармасы
001 Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
005 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
012 Ақпараттық жүйелер құру
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
мынадай мазмұндағы 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123, 124, 139, 148, 165, 166 және 167 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу
139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу
148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу
165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:
228 "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
091 "Ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілдегі мәтін өзгермейді;
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 365 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"365 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет және қала құрылысы басқармасы
065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |