Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 231 қаулысы. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 1992 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 30.04.2024 № 1992 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 05-03/88-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Абай ауданының Асар-2 мөлтек ауданы Бойтұмар көшесі аумағында иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады