Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "TMNetwork" жеке кәсіпкерге Шымкент қаласы, Абай ауданы, 067 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін алаңы 0,0582 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. "TMNetwork" жеке кәсіпкер 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2024-2025 жылдарға арналған сервитут құны 4004 (төрт мың төрт) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі | Ғ. Сыздықбеков |