Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдарды қарау мәселелеріне жататын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттамамен кедергісіз танысу;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарайды;
15-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
15-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарау, оның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды;".
2. "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "____"___________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгеріс мәтіні