"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 10 желтоқсанындағы № 05-03/786-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-1 мөлтек ауданы М. Сәрсенбаев көшесі аумағында пайда болған мысықтан құтыру ауруының ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қазанындағы № 5225 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |