Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 5225 қаулысы

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орынбасарының 2024 жылғы 08 қазандағы № 05-03/6634 ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-1 мөлтек ауданы М. Сәрсенбаев көшесі № 1225 үй аумағында мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты М. Сәрсенбаев көшесінің бойына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады