Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 1367 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдау.".
2. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Бақтыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "____"___________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 1367 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтырулардың мәтіні
"Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдау.".