"SG NS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 6792 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SG NS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген:

      1) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0549 га;

      2) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан электр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2807 га;

      3) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0721 га;

      4) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан су жеткізу жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2311 га;

      5) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан кәріз жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2370 га;

      6) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, № 64/1, № 64/6 мекенжайында орналасқан газ құбыры жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,6955 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 17 желтоқсанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "SG NS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2024-2025 жылдарға арналған сервитут құны 3777 (үш мың жеті жүз жетпіс жеті), 19284 (он тоғыз мың екі жүз сексен төрт), 4953 (төрт мың тоғыз жүз елу үш), 15900 (он бес мың тоғыз жүз), 16306 (он алты мың үш жүз алты) және 47850 (қырық жеті мың сегіз жүз елу) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады