Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 587-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбірімен босатылған сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/153-VIIІ шешіміне 1-қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Орман пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттар үшін пайдалану | гектар | 1,22 |
2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | гектар | 4,47 |
Қысқа мерзімді орман пайдалану (бір жылдан он жылға дейін) | |||
1. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттар үшін пайдалану | адамнан болған әрбір күн үшін | 0,1 |
2. | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | адамнан болған әрбір күн үшін | 0,1 |
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/153-VIIІ шешіміне 2-қосымша |
Жанама орман пайдаланулар үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Орман пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
Қысқа мерзімді орман пайдалану (бір жылдан он жылға дейін) | |||
1. | Балара ұяларын орналастыру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану | дана | 2,44 |
2. | Көкөніс өсіру, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану | гектар | Салық кодексінiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, Салық Кодексінiң 503-бабында белгiленген жер салығы мөлшерлемелері деңгейінде белгіленеді |
3. | Шөп шабу үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану, оның ішінде шөп шабу алқаптарының сапалық жағдайы бойынша: | ||
жақсы | гектар | 2,93 | |
қанағаттанарлық | гектар | 2,20 | |
нашар | гектар | 1,71 | |
4. | Мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану, оның ішінде малдың түрі бойынша: | ||
түйе | гектар | 1,71 | |
ірі қара мал | гектар | 1,37 | |
жылқы | гектар | 1,37 | |
ірі қара төлі | гектар | 0,69 | |
есек | гектар | 0,69 | |
ешкі | гектар | 1,20 | |
қой | гектар | 0,34 |
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/153-VIIІ шешіміне 3-қосымша |
Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындағаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Ағаш және бұта тұқымдылардың атаулары | Екінші дәрежелі сүрек ресурстың атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Емен, шаған | сабақтар | тонна | 0,082 |
жапырақтар | тонна | 0,061 | ||
томарлар | тонна | 0,020 | ||
2. | Үйеңкі, шегіршін | сабақтар | тонна | 0,028 |
жапырақтар | тонна | 0,021 | ||
томарлар | тонна | 0,007 | ||
3. | Ағаш тектес тал, терек | сабақтар | тонна | 0,022 |
жапырақтар | тонна | 0,016 | ||
томарлар | тонна | 0,005 | ||
4. | Грек жаңғағы, пісте | сабақтар | тонна | 0,070 |
жапырақтар | тонна | 0,052 | ||
томарлар | тонна | 0,017 | ||
5. | Өрік, долана, шие, жиде, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | сабақтар | тонна | 0,046 |
жапырақтар | тонна | 0,034 | ||
томарлар | тонна | 0,011 |
Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
10 км дейін – 1,30;
10,1 - 25 км – 1,20;
25,1 - 40 км – 1,00;
40,1 - 60 км – 0,75;
60,1 - 80 км – 0,55;
80,1 - 100 км – 0,40;
100 км-ден көп – 0,30.