"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 229 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 224) қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 63.";

      1-тармақта:

      225), 235) және 242) тармақшалар алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      4-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      9-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      5-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықтың аумақтық органдардың интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Департаменттердің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ж. Дүйсембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады