"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2-н бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 115-НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2-н бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      8. "Департаменттің заңды мекенжайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Астана ауданы, Алтын Орда ықшам ауданы, 8А".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады