"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12477 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 45 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 11-3/1070 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

Р/с №

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Сандық мәндегі нормасы

Пайдаланылу мерзімі, жыл

Қолданылу саласы

Таралу саласы

Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Арнайы көлік құралдары*

дана

3

7

Шаруашылық жүргізуші субъектілердi инспекциялық және жедел басқаруды жүргiзу үшiн

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы, бензинді, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрге дейін

2

дана

231


Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде:

2.1


дана

20

7


Ақмола облысы

2.2

дана

14

7

Ақтөбе облысы

2.3

дана

12

7

Алматы облысы

2.4

дана

9

7

Атырау облысы

2.5

дана

12

7

Шығыс Қазақстан облысы

2.6

дана

12

7

Жамбыл облысы

2.7

дана

14

7

Батыс Қазақстан облысы

2.8

дана

17

7

Қарағанды облысы

2.9

дана

9

7

Қызылорда облысы

2.10

дана

21

7

Қостанай облысы

2.11

дана

8

7

Маңғыстау облысы

2.12

дана

14

7

Павлодар облысы

2.13

дана

15

7

Солтүстік Қазақстан облысы

2.14

дана

18

7

Түркістан облысы

2.15

дана

9

7

Абай облысы

2.16

дана

12

7

Жетісу облысы

2.17

дана

6

7

Ұлытау облысы

2.18

дана

3

7

Астана қаласы

2.19

дана

3

7

Алматы қаласы

2.20

дана

3

7

Шымкент қаласы

      Ескертпе:* арнайы көлік құралы – шаруашылық субъектілердi инспекциялық және жедел басқаруды жүргiзуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады