"Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023–2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 689 қаулысы

      Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 - 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы";

      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес "Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарлама" 1-бөлімінің 1, 4, 6 - тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. "Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Нұрсағатов

  Семей қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 13тамыз
№ 689 қаулысымен
бекітілген

      1. 1-бөлімде:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы" (бұдан әрі – Реновациялау бағдарламасы) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес әзірленді;

      4 - тармақтағы "2025 жылға дейінгі мерзімге" деген цифрлар "2029 жылға дейінгі мерзімге" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6 - тармақтағы "Жергілікті атқарушы орган Реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады" деген сөздерден кейiн келеcі мазмұнмен толықтырылсын:

      "Авариялық (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен (бюджет қаражаты болған жағдайда) жүргізілетін болады".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады