Семей қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 27/148-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, "ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығына, Жаңасемей ауданының құрылуына байланысты "Семей қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 16/93-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 26/145-VIII шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:

      1) Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 17/104-VIII "Ауылдық округтер мен кенттердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімі (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған).

      2) Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 26/144-VIII "Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 17/104-VIII "Ауылдық округтер мен кенттердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 25 маусымда жарияланған).

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы Д. Шакаримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады