БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемеcі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Созақ ауданын қоспағанда Түркістан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Түркістан облысының Созақ ауданы және Балқаш көлін қоспағанда Жамбыл облысының әкімшілік шекарасының шегіндегі Шу-Талас бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізілуін;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының міндетін атқарушы |
А. Асылбеков |