"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуіріндегі № 310 қаулысына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2021 жылғы 4 тамызындағы № 30-9/83 бұйрығының;
2) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 4 тамызындағы № 30-9/83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 15 ақпандағы № 30-9/23 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасының міндетін атқарушы |
Н. Жүнісов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 1-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемеcі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция Комитеттің ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өз атауындағы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, А.Иманов көшесі, 125.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияның кәсіпкерлік субъектілерімен Инспекция функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаты: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Инспекция құқықтары мен міндеттері:
1) құзыретілігі шегінде құқықтық актілер әзірлеуге қатысу;
2) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) Инспекцияның құзыретілігіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірме мен түсініктемелер беру;
4) жергілікті атқарушы органға қажет болған жағдайда жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелеріне жаңа су айдындарын енгізу бойынша ұсыныс беру;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бекітілген ережелерге сәйкес арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды пайдалану;
6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін бекітілген нормаларға сәйкес материалдық-техникалық құралдармен толықтыру;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін тиісті ақпарат беруге қатысу;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
12) ӘРПК-де белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
13) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
14) жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
15) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
16) әкімшілік рәсімге қатысушыға өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
17) ӘРПК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
18) әкімшілік актіні ӘРПК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Инспекция функциялары:
1) балық шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) Инспекцияның бюджеттік өтінімін дайындау, оны Комитетке ұсыну, сондай-ақ өзге де бюджеттік процесстердің рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысады;
7) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
8) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
9) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
11) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
12) балықтардың қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған жағдайда су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу арқылы мұндай қатерді жою мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
13) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
14) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
15) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аншлагтардың болуын, сондай-ақ олардың бекітілген үлгілерге сәйкестігін, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналдарын тексереді (кәсіпшілік журнал);
16) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
17) балық шарушылығын жүргізу қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
18) балық аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
21) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
23) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 16.10.2024 № 30-9/140 бұйрығымен;23) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
23-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлеуге қатысады;
23-2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеуге қатысады;
23-3) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде балық ресурстары және басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеуге қатысады;
23-4) балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындайды және ұсынады;
23-5) балық өнімдерін өңдеуді субсидиялау қағидаларын әзірлеуге қатысады;
23-6) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеуге қатысады;
23-7) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады;
23-8) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру және (немесе) қайта бекітіп беру жөнінде шешімдер қабылдайды;
23-9) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
23-10) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы кезеңдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
23-11) еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеуге қатысады;
23-12) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындауға, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысады;
24) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген Инспекция бақылауындағы аумақтарда және су айдындарында (халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарына жатпайтын) шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларының жағдайына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын кәсiпорындарды, құрылыстар және басқа да объектiлердi орналастыруға, сондай-ақ, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгізуге келісім береді;
26) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
27) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
28) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап тексеруді жүзеге асыруға;
29) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
30) жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
31) заңсыз ауланған балық ресурстарының және басқа да су жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;
32) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
33) су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларын орнатуға келісім береді;
34) аулаған жері туралы анықтаманы береді;
35) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
36) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;
37) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді жүзеге асырады;
38) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
39) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтатады немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзеді;
40) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтайды және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қояды не сотқа талап-арыз береді;
41) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
42) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
43) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн жолдайды;
44) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының актілерімен, сондай-ақ, осы Ережемен қарастырылған басқа да функцияларды атқарады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 16.10.2024 № 30-9/140 бұйрығымен.3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуын және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Инспекция басшысы Комитет төрағасымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Инспекция басшысының Комитет төрағасымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Инспекция басшысының өкілеттіктері:
1) Инспекция жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға, шығыс құжаттардың сапасы мен уақыттылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануына дербес жауапты болады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
4) Инспекция басшысының орынбасарларын қоспағанда, Инспекция қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;
6) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) Комитет төрағасына Инспекция басшысының орынбасарларын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Инспекция қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру, үстемеақы төлеу және көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының орынбасарларына материалдық көмек көрсету, үстемеақылар төлеу мәселелерін келіседі;
10) Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Инспекцияның атынан өкілдік етеді;
12) Қазақстан Республикасы заңнамаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Инспекция басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Инспекция басшысының орынбасарына, ол болмаған жағдайда Инспекцияның басқа қызметкеріне Комитет төрағасы бұйрығымен жүктеледі.
21. Инспекция басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктері бойынша Комитет төрағасына ұсыныстарын енгізеді.
4-тарау. Инспекцияның мүлкі
22. Инспекцияның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Инспекцияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Инспекция өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 2-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Балқаш көлінде, Алакөл көлдер жүйесінде, Қапшағай су қоймасында, Іле өзенінде және Балқаш-Алакөл бассейнінің аумағындағы Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі басқада және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 5 шағынауданы, 1 ғимарат, 4 тұрғын емес үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 3-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Алакөл көлдер жүйесін қоспағанда Абай облысы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Ертіс бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070000, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Мыза көшесі, үй 2/1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 4-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Астана қаласы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Есіл бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 81.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 5-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Жайық-Каспий бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070000, Атырау облысы, Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, 92 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 6-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Балқаш көлін қоспағанда Ұлытау облысы және Қарағанды облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі Нұра-Сарысу бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Костенко көшесі, 6.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 7-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Қостанай және Ақтөбе облыстары (Арал теңізін қоспағанда) әкімшілік шекарасының шегіндегі Тобыл-Торғай бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, үй 85А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығының 8-қосымшасы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекеме туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Балқаш көлін қоспағанда Жамбыл облысының әкімшілік шекарасының шегіндегі Шу-Талас бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 080009, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әл-Фараби көшесі, 11.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi.