Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 13/2-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданы Мәслихатының төрағасы М. Нұрсұлтанұлы

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13/2-VIII шешіміне
қосымша

Абай ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік
 

Теңге (қосылған құн салықсыз)

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

Айына 1 тұрғыннан

88,6

2

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1063,31


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады