Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 3 шешім.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 17.04.2024 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына, 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 3 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп аудан әкімінің орынбасары М.Татеновты тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Қ. Әділбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады