Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 4 шешімі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданыныңбас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының2024 жылғы 23 мамырдағы № 214 ұсынысы негізінде,ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің Зенковка ауылындағы "Мадияр" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малының бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жолдауды;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімніңорындалуынбақылаудыөзімеқалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Белағаш ауылыдқ округінің әкімі М. Габдуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады