"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы" ММ бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Т.Қадыровтың 2024 жылы 19 тамыздағы № 325 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің Зенковка ауылындағы "Мадияр" шаруа қожалығының аумағында сауықтыру ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін өткізудің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Белағаш ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197062 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Белағаш ауылдық округінің әкімі | М. Габдуллин |