"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1- бабы 5- тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы "Бородулиха ауданының бірыңғай сәулеттік бейнесін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 263 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Аудан әкімі | А. Ибраев |