Төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Жарма ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданы әкімінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 7 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданы әкімінің 06.03.2024 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, ауа райының қолайсыздығына байланысты, Жарма ауданы бойынша қардың көп мөлшерде түсуі және қатты аяз салдарынан, Жарма аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Жарма ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежанов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің күші 2024 жылғы 16 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежановқа жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Ж. Байсабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады