"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 268 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін тағайындау және лауазымдардан босату туралы ұсыныстар енгізеді;";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      5) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша Министрлік Аппаратының басшысына ұсыныстар енгізеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды;

      2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады