Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына, амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды беру туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-12 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық бұйымдардың тізбесіне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | А. Нұралиев |
Жамбыл облыстық мәслихатының | |
2024 жылғы "25" қыркүйектегі | |
№ 17-6 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына, амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды беру туралы тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тізбенің 29-тармағы мынандай мазмұнда жазылсын:
"
29 | D68.0 | Виллебранд ауруы | Ангиогемофилия тамырлы бұзылысы бар фактор тапшылығы, тамырлы гемофилия | Фактор свертывания крови в комбинации с высоким содержанием фактора Виллебранда |
";
Тізбе мынандай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"
37.1 | Е72.2 | Мочевина циклінің метаболикалық бұзылыстары, Цитруллинемия | Мочевина циклінің метаболикалық бұзылыстары, Цитруллинемия | Глицерол фенилбутират |
";
Тізбенің 43 және 52-тармақтары мынандай мазмұнда жазылсын:
"
43 | E84 E84.0 E84.1 E84.8 Е84.9 | Зат алмасуының бұзылуы |
Кистозды фиброз, Өкпе көріністері бар кистозды фиброз, Ішек көріністері бар кистозды фиброз, басқа көріністері бар кистозды фиброз, анықталмаған кистозды фиброз | Тобрамицин |
Ацетилцистеин | ||||
Дорназа альфа | ||||
Колистин (Колистиметат) | ||||
Окистар | ||||
52 |
I27.0 | Өкпе гипертензиясы | Біріншілік өкпе гипертензиясы, басқа қайталама өкпе гипертензиясы, өкпе артериясының аневризмасы, өкпе тамырларының басқа да нақтыланған аурулары, анықталмаған өкпе тамырларының ауруы | Илопрост |
Селексипаг | ||||
Бозентан | ||||
Мацитентан | ||||
Силденафил | ||||
Риоцигуат |
";
Тізбе мынандай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
"
54.1 | Псориаз |
Псориаз, қарапайым Псориаз | Гуселькумаб |
";
Тізбенің 57 және 58-тармақтары мынандай мазмұнда жазылсын:
"
";
Тізбе мынандай мазмұндағы 58-1 және 58-2-тармақтармен толықтырылсын:
"
58.1 | Р22.0 | Жаңа туған нәрестедегі тыныс алудың бұзылу синдромы | Респираторный дистресс синдромы (РДС) | Паливизумаб |
58.2 | P27.1 | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия | Паливизумаб |
";
Тізбенің 61-тармағы мынандай мазмұнда жазылсын:
"
".