Талас ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 15-4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанғы № 347 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидадалын бекіту туралы" 2023 жылдың 14 шілдеден №181 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін жарнаның мөлшерлемесі 0 (нөл) пайызбен бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Садубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады