"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37–баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 "Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" тамыздағы № 344 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185211 болып тіркелген) аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы комиссия туралы ережесі осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заң талаптарына сәйкес:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің оранбасары Найман Кенжеханович Султанбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Джанибеков |
Жобаны ұсынушы:
Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімнің басшысы Г. Керімбаева
Аудан әкімдігінің | |
2024 жылғы "14" наурыздағы | |
№ 88 қаулысына қосымша |
Арнайы комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі – ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
2) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Комиссия республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
5. Комиссияның қызметін бақылауды республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
10. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
11. Жергілікті уәкілетті орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеті осы басқарманың, бөлімнің маманына жүктеледі.
12. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.
Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
_________________
Арнайы комиссиялар туралы ережеге
қосымша
нысан
Арнайы комиссияның қорытындысы
20___ж.___ ______ №
Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек
алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, адамға
(отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Әлеуметтік көмек мөлшері _______ ________________ теңге.
(сомасы жазбаша)
Комиссия төрағасы:__________________________________________
Комиссия мүшелері:__________________________________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
(қолдары) (Т.А.Ә. (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. "__" ___ қабылданды
_______________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған жергілікті уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса),
лауазымы, қолы
_____________