Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 23 "Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы " шешіміне өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қазандағы № 178 шешімі

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы №23 "Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бектілген Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;";

      4-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады