ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады – Ұлытау облысының әкімдігінің 11.12.2024 № 90/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысы бойынша жолаушыларды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) әлеуметтік мәні бар тасымалдауға тарифтері қолма-қол төлеу кезінде келесі мөлшерде белгіленсін:
1) № 99 "Сәтбаев-Жезді" - 270 (екі жүз жетпіс) теңге;
2) № 101 "Жезқазған-Сәтбаев" - 150 (жүз елу) теңге. Интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жол ақы - 80 (сексен) теңге;
3) № 295 "Жезқазған-Қаражал" - 2000 (екі мың) теңге;
4) № 316 "Жезқазған-Ұлытау" - 500 (бес жүз) теңге;
5) № 379 "Жезқазған-Қарсақбай" - 400 (төрт жүз) теңге;
6) № 380 "Жезқазған-Сарысу" - 1000 (мың) теңге;
7) № 381 "Жезқазған-Жаңаарқа" - 3000 (үш мың) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлытау облыстық
мәслихаты