Ұлытау облысы әкімдігінің "Ұлытау облысы бойынша жолаушыларды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) әлеуметтік мәні бар тасымалдауға тарифтерін белгілеу туралы" 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 85/01 қаулысының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 90/01 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы әкімдігінің "Ұлытау облысы бойынша жолаушыларды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) әлеуметтік мәні бар тасымалдауға тарифтерін белгілеу туралы" 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №85/01 қаулысының қолданылуы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады