Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 хаттамасы негізінде, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қаласының Қаныш Сәтбаев даңғылы бойындағы № 76 тұрғын үй ғимаратының құлауы салдарынан техногендік авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты, ол жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы № 76 үй мекенжайы бойынша объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің орынбасары А.О. Саухимов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі М. Бурибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады