Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімінің 22.05.2024 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Ұлытау облысының Ұлытау ауданындағы Жезді кентінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Аян Есенгалиевич Абжамалов тағайындалсын.

      3. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Аян Есенгалиевич Абжамалов осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 27 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Қайрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады